СҚО кәсіпкері 6 жыл бойы кепілдік мүлкінің ауыртпалығы мәселесін шеше алмай келген
8 жыл бұрын салынған мүліктік ауыртпалық кәсіпкерге жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді
Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалына Асқап Сұлтанғазин есімді жеке кәсіпкер жүгінді. Оның отбасы қымыз дайындаумен және таратумен айналысады. 2009 жылы жеке кәсібін бастау үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан микронесие алған. Несиесі уақытында төленген.
Асқап Сұлтанғазин 2011 жылы жылжымайтын мүлік кепілдігін тоқтату үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барған, алайда құжаттары дұрыс толтырылмағаны себебінен бас тартылған, осылайша бұл мәселе сол күйі шешілмеген. Ал биылғы жылы кәсіпкер жеке бизнесін үлкейту үшін, атап айтқанда тағы да жылқы сатып алу үшін мемлекеттік қолдауды пайдаланғысы келген, алайда бұл оңайға соқпады.
8 жыл бұрын қойылған мүліктік ауыртпалық кәсіпкердің жоспарын жүзеге асыруға кедергі келтірді. Туындаған мәселені анықтау үшін Палатаның филиалына көмек сұрап жүгінген. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» атына шағым дайындалып, мүлік ауыртпалығын алып тастау үшін қажетті құжаттарды дайындау мақсатында Қордың заңгерімен келісімдер жүргізілді. Палата филиалы қызметкерлерінің атқарған жұмысының арқасында мүлік ауыртпалығы алынды.
«Филиал қызметкерлеріне көп рахмет айтамын. Менің мәселемді жедел шешуге үлкен еңбек сіңірді. Қайда барарымды, кімге жүгінерімді білмеген кезде, көмектесті. Мүлік ауыртпалығы қаншама ісіме кедергі келтірді, несие алуға өтінім бере алмадым. Дегенмен, кәсіби мамандардың араласуымен барлығы да оң шешілді», – деді Асқап Сұлтанғазин.
Бүгінде Асқап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несие алу үшін өтінім беруге құжат жинастыру үстінде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: