«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Петропавлдың сауда павильондары сүрілетін болады

2017 жылғы 28 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10708 просмотров

Қаланың шағын және орта бизнес өкілдерін аталған жаңалықтар аң-таң қалдырды

Кәсіпкерлердің бңр бөлігі таралған сыбыстан есеңгіреп жүрген уақытта, бір бөлігі мәселені шешетін соңғы мүмкіндік ретінде Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді.

Солтүстік Қазақстан облысының жер мәселелері қазіргі таңдағы басты түйіткілдер тізімінде болып табылады. Әсіресе, жер учаскілерін адалау басты назарда. Дәл осы мәселеге 2017 жылдың жаз уақытында вокзал маңындағы 4 павильон иелері тап болды.Содан соң мәселе Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қарастыруына ұсынылды.

«Петропавл қаласы әкімінің 2017 жыл 9 маусымнан №1012 Қаулысына сәйкес «Жылжымайтын мүлік және жер учаскілерін мәжбүрлі адалауды бастау туралы» (Ары қарай-Қаулы) кәсіпкерлердің вокзал маңындағы жер учаскілерін жекеменшік құқықта иелені бойынша 4 жер учаскісін мәжбүрлі адалауды», – деп мәлімдеді палатаның құқықтық бөлімнің басшысы, кеңес мүшесі Асқар Махмет.

Ашынған кәсіпкерлер әкімшіліктің қаулысын жоққа шығару мен заңсыз деп қабылдау талабымен сотқа жүгінді. Алайда, 2017 жылдың 11 қарашасындағы сот шешімімен кәсіпкерлердің талаптарын қанағаттандыру қабылданбады. Жер учаскілерін тартып алуға әкімдіктің дәл жеке меншіктегі жер учаскілеріне нөсер канализацияларын жүргізу негіз болды.

«Сонымен қатар, Петропавл қаласының бас жоспарына және «Орталық» шағын ауданының егжей-тегжей жоспарына сәйкес ашық нөсер канализацияларын жүргізу жоспарланбаған. Бас жоспар ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 6 наурызындағы Қаулысында бекітіліп, «Орталық» шағын ауданының егжей-тегжей жоспары қала әкімінің 2007 жылдың 20 наурызындағы Қаулысынба бекітілген. Осы уақыттан бері 10 жылдың жүзі болып, өтініш берушілердің жер учаскілерін адалау мәселесі көтерілмеген. Тіпті, 2012 жылы вокзал маңын қайта жөндеу жұмыстары жүргізу нәтижесінде суды бұру үшін канализациялық ағыны бар бұрқақ құрылысы уақытында да айтылмады. Нөсер канализацияларын жүргізу де жоспарда болған емес», – деп жалғастырды Асқар Махмет.

Палата сарапшыларының айтуы бойынша әрбір жер учаскісі мен сол жердегі жылжымайтын мүлік құны 20 млн теңгеден асады. Ал, әкімдіктің 4 жер учаскісін адалауға жұмсайтын шығын көлемі 80 млн теңге.

Вокзал маңындағы павильондар ішінде «Бистро» және «Островок» 2 қоғамдық тамақтану орындары иелерінің айтуынша қаланың шалғай аудандарынан жерлер ұсынылған.

«Бізге бұл жерге жоспарымыз бар және мұнымен бәрі түсінікті деді. Балама түрде қаланың шалғай аудандарынан немесе шағын жер көлемдерін ұсынып отыр. Жаңадан бизнес бастау үшін жас емеспіз, әрі бұл орында жөнге салынған бизнесіміз бар емеснігін түсінулеріңізді сұраймыз. Барлығымыздың жасымыз болса 50-ден асты», – деді жеке кәсіпкер, «Бистро» кафесінің иесі Татьяна Виденина.

Өтемақыға келетін болсақ, әкімшілік ұсынған қаражат көлемі кәсіпкерлердің көңілінен шықпайды. Мәселе комиссия бағалауды жүргізу барысында жоғалған пайда ескерілмегендігінде. Алайда, мәселені талқыға салу барысында осыған дейінгі бағалау заңсыз болып мойындалды.

«Білуімше, өткен аптада ғана жоғалған пайда ескерілмегендіктен бағалау дұрыс жүргізілмеген болып танылды. Қазіргі уақытта оларға негізді әрі заңды сараптама жүргізіге назар салып, мемлекеттен дұрыс өтемақы алу қажет», – деді СҚО прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы Асхат Ауқатов.

Кеңес уақытында кәсіпкерлердің өздері де мәселені аталған тәсілмен шешуді ұсынған болатын.

«Бірінші күнен ұстанымымыз – барлығын қазіргі кейпінде қалдыру болып табылады. Қажет болса, павильондарымызды біріңғай сәулет кейпіне әзірлеуге дайынбыз. Бірақ, павильондарымызды сақтап қалудың мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімшілік лайықты өтемақы ұсынсын», – деді кәсіпкерлер бірауыздан.

Мәселеге байланысты әкімдіктің ұсытанымы өзгегер емес.

«Вокзал маңындағы павильондардың көрінісі қаланың сәулет ерекшелігіне нұқсан келтіреді», – деді қаланың бас сәулетшісі Ержан Қасентаев.

Бұл арада кеңес мүшелерінің әкімдік өкіліне бірден тағы да сұрақтары пайда болды.

«Қай уақыттан бері қала көрінісіне кедергі келтіре бастады?», – деп сұрақ астына алды кеңес төрағасы Инесса Қуанова.

«Қай уақыттан бері екендігі қалай? Құрылысқа рұқсат берген уақыттан бері. Яғни, бұл ғимараттар бастапқы уақыттан бері болмау тиіс еді. Біріншіден, қызыл сызықтан асқаны бар. Екіншіден, мұндай павильондар ғимараттар 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Үшіншіден, сол аймақты қайта жөндеу барысында нөсер канализацияларын салу жоспарда. Оңтүстік Орла темір жол арқылы 2018 жылға дейін вокзалды ауқымды қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Вокзалдың алдында 12 метрлік жалғай ғимарат салынып, Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне дейін созылады. Бұл комитеттің талабы болғандықтан сараптамалар жүргізуді бастады», – деп жауап берді Қасентаев.

Ұзаққа созылған талқыға салу барысында көптеген мәселелер көтеріліп, бірқатар сұрақтар шешілгенімен кәсіпкерлер мен кеңес мүшелерінің мемлекеттік органға түйіткілдері әлі де бар.

«Баслық пайда болатын мәселелер мемлекеттік органдардың жұмысының ашық еместігінен екендігін түсінесіздер ме? Павильондардың бірі кеше сәулет көрінісіне еш кедергі келтірмей, бүгін қаладағы артық ғимараттар қатарына іліккендігіне сену қиын. Бұл дәлел емес. Тіпті, қызыл сызықтан асып кеткендігі негіз емес. Тарихи жағдайларға байланысты қаламыздың барлығы қызыл сызықтан асып кеткендігі өтірік емес. Бизнес субъектілеріне қатысты мәселелерді шешу барысында осы сынды түбегейлі шешімдер қабылдау уақытында жоғарыда айтылғандарды ескеру қажет», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары Жеңіс Қазиев.

Қазіргі уақытта бизнестің «өсіп-жетілгендігі» мемлекеттік органдардан өзіне лайықты назар салып, ойын ескеру талабынан байқауға болады. Бастысы бизнеске қатысты шешімдер мен ақпараттар уақытылы және ашық  түрде тиісті адресаттарына жетуі маңызды.

Мәселені талқыға салу нәтижесінде вокзал маңындағы павильондар мәселесін шешу үшін жұмыс тобы құратын болды.

P.S: Мәселе шешімін  таппады, алайда Кәсіпкерлер палатасы түйіткілдерді өз назарына алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер