«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесмендер өз жер учаскілеріне қол жеткізеді

2018 жылғы 15 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9420 просмотров

Петропавлдың  Әуезов көшесі бойында жер учаскілері бар кәсіпкерлер өз жерлеріне қол жеткізе алатыны жайында қала әкімі Марат Тасмағанбектов мәлемдеді. Айта кетелік, осы көше бойымен жылу трассасын салу көзделген.

 Бүгін Әузов көшесіндегі құрылыс жұмыстары жүрып жатқан жерде СҚО кәсіпкерлер палатасы мердігерлік ұйымның өкіледрі қатысумен әкімдік пен бизнес өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды.

Айта кетелік, осыған дейін оншақты бизнесменге Әуезов көшесі бойында өндірістік мақсатқа деп жер учаскілері берілген. Ал бұл жерлерге кіру тек Әуезов көшесімен ғана мүмкін, осы ретте көше бойымен жылу трассасы салынады деген ақпаратты естіген кәсіпкерлер наразылық білдірді. Бұл дегеніміз 800-дік екі үлкен құбыр, оларды орнату арқылы жер учаскілеріне бару жолы толығымен жабылып қалайын деп тұр. Мұндай жағдай  тапсырыс беруші және мердігерлерді кәсіпкерлермен мақұлдамай жасаған әрекеттерінен орын алған, бұл жағдайда бизнестің мүддесі мүлдем қарастырылмаған. Бұл

«Петропавлда кәсіпкерлер құқығы тапталған» материалында толық жазғанбыз.

СҚО ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің соңғы отырысында бұл мәселе қаралды, одан бері екі апта өтті. Осы уақыт ішінде не өзгерді және тапсырыс беруші мен мердігерлік ұйымдар өздері үшін не істеді, кәсіпкерлер әкіммен бүгінгі кездесу барысында білді.

«Бүгін СҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің қала әкімі Марат Тасмағанбетовпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Петропавлспецкоммунстрой» ЖШС мердігерлік ұйым өкілдері де келді. ОСы кездесуде қала әкімі кәсіпкерлердің жер учаскілеріне кіретін жол болатынын сендірді. Марат Тамсағанбетовтың айтуынша, билік өкілдері  кәсіпкерлердің мүддесін барынша ескеріп отыр. Яғни, осы уақыт аралығында тапсырыс беруші, мердігерлік ұйым орын алған жағдайдан белгілі бір шешім шығарып, жобаға бірқатар түзетулер енгізді. Кездесуге келген мердігерлік ұйым өкілі әр кәсіпкерге учаскілерге кіретін жерлерді көрсетіп, сызбаларды түсіндірді», – деді СҚО ӨКП бөлім бастығы Айдос Кеңбейілов

 Осы жағдай бойынша кез келген өзгерісті СҚО Кәсіпкерлер палатасы бақылайтын болады.                                                            

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер