«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Индустриалды-өнеркәсіптік өңірде бизнес-экожүйелерді құру-орындалатын міндет

2018 жылғы 12 Қараша
2224 просмотров

Павлодарда өткен «Ертіс өңірінің іскер әйелдері» форумына өңірлік бизнестің 200-ге жуық өкілі қатысты.

Іс-шараны «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер Кеңесі ұйымдастырды.

Форумда өңірлік бизнесті дамытудың жақсы әлеуеті қалыптасқаны туралы жан-жақты айтылды. Облыстың ерекшелігін ескере отырып, алдағы уақытта өнеркәсіпте әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға баса назар аудару қажет екендігін «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова атап айтты.

«Елдегі әйелдердің 53% - ы-шағын және орта бизнестің 60% - ын басқарады. Оның ішінде әйелдердің 9% - ы өнеркәсіп орындарын басқарады.  Павлодарда бұл көрсеткіш деңгейі жоғары.  Өңір өнеркәсіптегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тұрғысынан тестілік алаң ретінде әрекет ете алады. Дәл осы сегментті әйелдер бизнесінде дамыту қажет», - деді Ләззат Рамазанова.

Павлодар облысында әйелдер бизнесі қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2018 жылы өңірде 322,9 млн. теңгеден астам сомаға әйелдер кәсіпкерлігінің 113 жобасы іске қосылды. Бұл қызмет көрсету, білім беру, мал шаруашылығы және наубайхана өндірісі саласындағы жобалар.

Форумға Павлодар облысының Әкімі Болат Бақауов қатысты. Ол әйелдер бизнесін дамытуға тұрақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Президент әрқашан гендерлік саясатқа ерекше көңіл бөледі. Егер біздің облыста 43 мың бизнес субъектісі болса, оның 50% - ын әйелдер құрайды. Біз сонау тоқсаныншы жылдары, қиын кезеңде әйелдер бизнеске бірінші болып барып, ел экономикасын көтергенін жақсы білеміз. Қазір республикада кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмыстар айтарлықтай, Кәсіпкерлер палатасы мен іскер әйелдер Кеңесі белсенді жұмыс істеп келеді», - деді Болат Бақауов.

Өңірлік Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаеваның пікірінше, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуда мемлекет тарапынан қолдау шаралары үлкен маңызға ие. Кәсіпкерлер палатасының «Бизнес Кеңесші», «Бизнес Өсу», «Бастау» сияқты тегін оқыту курстары жақсы демеу. Ол курстарда үш мыңнан астам әйел бизнес негіздерін оқып, біліктілігін жетілдірді.

«Іскер әйелдер Кеңесі Қазақстанның бизнес-ханымдары үшін бірыңғай платформаға айналды. Бізде әйелдердің экономиканы дамытуға және мемлекеттің әлеуметтік мәселелерін шешуге қаншалықты қарқынды қатысқанын байқауға нақты мүмкіндік туды», - деді Райхангүл Сатабаева.

Форум аясында павлодарлық әйелдер өндіретін өнімдер мен бұйымдардың көрмесі өтті. Көпшілік назарына кәсібін жаңа бастағандармен қатар, еңбек өтілі жоғары бизнес-ханымдардың жұмыстары ұсынылды.

Форум соңында кәсіпкер әйелдерге әйелдер бизнесін дамытуға қосқан үлесі үшін грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер