«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстанда 600 адам «Жас кәсіпкер» жобасын аяқтады

2019 жылғы 04 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
8189 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында «Жас кәсіпкер» пилоттық жобасы аяқталды. Жобаның екі легіне 600 адам қатысты. Оқу аяқталған соң жас кәсіпкерлер байқау комиссиясы алдында бизнес-жобаларын қорғады

Бүгін осы жастарға жауапты сәт. Олар бір ай бойы бизнес негіздерін оқыды,  маркетинг нарықты талдауға үйренді, өздерін жетілдіріп, жеке қабілеттерін дамытты. Ал бүгін комиссия алдында жинаған білімді көрсету керек.

«Бүгін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша бизнес-жобаларды қорғау жүргізілуде. Тыңдаушылар оқу курсын аяқтап, бизнес-жобаларын дайындады. Менің тобымда 53 курсант оқыды. Соның ішінде 70 пайызы қызмет көрсету саласын таңдады, атап айтқанда қоғамдық тамақтау, әлеуметтік жобалар және инновациялық жобаар», – деді бизнес-тренер Әрсен Оразалинов.

 Бизнес идея жақсы қорғалса 200 АЕК көлемінде грант алуға болады. Мұндай грантқа Петропавл қаласының тұрғыны Григорий Родионов өтінім  бермек. Жігіт меттал жабындарын жасамақ. Жеке бизнесі туралы Григорий бұрыннан бері армандаған. Арман «Жас кәсіпкер» жобасымен орындалмақ.

  «Меттал бұйымдармен жұмыс істеуде 5 жылдық тәжірибем бар. Көркем ұсталықпен айналысамын, декоративті бұйымдар жасаймын. Грант қаражатына құрал-сайманды сатып алсам, онда тапсырыс берушінің үйлеріне барып, жұмысты орындай аламын», – деді Григорий Родионов.

28 жасар Қайрат Жұмадиге сауықтыру-оңалту орталықты ашу үшін грантпен қатар несие де керек болады. Жеңілдікпен несие алу жолдарын жігіт оқу барысында білді. Енді арнайы тренажерлер сатып алу керек.

  «Қазір омыртқа, буындары ауыратын адамдар арасында тренажерлерге үлкен сұраныс бар. Қала бойынша қызмет көрсетушілер аз. Сондықтан оңалту орталығы сұраныста болады. Медициналық білімім бар. «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы сүйікті ісімді жеке орталығымда жүргізе аламын», – деді Қайрат Жұмади.

 «Жас кәсіпкер» жобасының екі легіне 600 адам қатысты.

 Қазіргі таңда екінші лек аяқталуға жақын. Алғашқы лекке  облыстың 331 тұрғыны қатысты. Екінші лекке 269 адам қатысты. Алғашқы 70 грант бөлінді. Оның сомасы 200 АЕК немесе 505 мың теңгені құрайды. Екінші лектің түлектері өтінімді қазірден бере алады. Облыс комиссиясы қыркүйекте жиналады.                                                      

 Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқытуға бағытталған «Жас кәсіпкер» жобасы Қазақстанның солтүстігінде 24 шілде басталған. Кіріс аяқталған соң жастар жеке бизнес аша алады. Оларға қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсетіледі. Ал 9 қыркүйекте өңірде «Бастау» жобасымен оқу басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер