«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО тұрғындары «Бастау» жобасы және мемлекеттік қолдау шаралын белсенді қолдануда

2019 жылғы 20 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
8743 просмотров

2017 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірегей жоба – «Бастауды» іске асырып келеді аталған бағдарлама арқылы жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқып, қайтарымсыз грант немесе жеңілдікпен несие ала алады. Осындай мүмкіндікті Мәмлүт ауданының тұрғындары пайдалануда

 Мәмлүт ауданында «Бастау» жобасы 2018 жылы басталды. Екі жыл ішінде оған 277 адам қатысты. 106 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адам осы курстан кейін кәсіпкер атанды. Ауылда іске асырылған жобалардың басым бөлігі АӨК саласында жүзеге асырылып жатыр. Аудан тұрғындары ірі қара мал, жылқы, құс сатып алып, мал шаруашылығын қолға алған.

 «Оқытудың, қаржыландырудың және жобаны қолдаудың барлық кезеңінде жаңадан келген кәсіпкерлерге тұрақты мониторинг жүргізіледі. Оқудан басқа біз 6 пайыздық жеңілдетілген несие аулға құжаттарды дайындауға көмектесеміз. Грант немесе несие алынған соң кәсіпкерлердің жобаларына Палата қызметкерлері 12 ай бойы сүйемелдеу көрсетеді», – деді ӨКП филиалының директоры Нина Василенко.

Аудан тұрғындарының бірі Угилой Жапабоева «Бастау» жобасына қатысты. Алты баланың анасы 2005 жылдан бері Краснознаменное ауылында тұрады. Өзбекстаннан келген азаматтар жергілікті жерде орналасқан соң ірі қара өсіруді қолға алды. 2018 жылдың басында Угилой – оқып, жеке кәсіп ашу бойынша өз алдына мақсат қойды.

 «Тестіден өттім, бір ай бойы сабаққа қатыстым, содан кейін жобамды сәтті қорғап, несие алуға өтінім жасадым. Қарыз ақшаға сүтті бағыттағы 7 бас ірі қара сатып алдым, ал гранттық қаражатқа сауын аппарат, сепартор алынды», – деді Угилой Жапабоева

 Аудан тұрғыны өз өнімдерін Петропавл қаласының тұрғындарына «Корона» базарында сатады. Кәсіпкерде үнемі экологиялық таза өнімдер –  сүт, қаймақ және сүзбебар. Бағалары да қолжетімді. Сондықтан Угилой сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алатын тұрақты клиенттері бар.

Биыл сиырлар алғаш төлдеді, бұзаулар сатылды. Алынған қаражатқа отбасы жем-шөп сатып алды.  Несиені ішінара төлеуге де қаражат қалды. Келесі жылы төлден түскен қаржыға отбасы мал басын көбейтпек.                              

 «Ешқашан ештеңеден қорықпау керек. Алға қарай ұмтылған жөн. Заман бір орында тұрған жоқ, оқыңыздар, байқап көріңіздер, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Маған оқу барысы, жоба ұсынған мүмкіндіктер ұнады», – дейді Угилой ауылдас қыз-келіншектерге.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер