Аққайың ауданында «Бастау» жобасымен 150-ден астам адам оқыды
«Бастау» жобасы 2019 жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысының барлық өңірінде және Петропавл қаласында өтіп жатыр. Аққайың ауданында биыл 158 тұрғын оқуға қатысты
Аққайың ауданында «Бастау жобасының 5 легі өтті. Курсқа жеке кәсіп ашуға ниетті адамдар қатысты. Ерекше ынтаны 158 тұрғын танытты.
«Жас кәсіпкер бизнес бастаған кезде олар көптеген мәселелерге тап болады, мұндай түйткілдер шешілместей көрінеді. Көп жандар жаңадан ашылған кәсібін жауып та жатады. Осындай жандарға жай ғана кеңес беру жеткілікті болуы мүмкін. Кәсіпкерлерге көмектесу мақсатында елде бірқатар жобалар іске қосылды. Олардың бірі «Бастау» жобасы, бұл жоба Аққайың ауданында да сәтті іске асуда», – деді ӨКП аудандық филиалының директоры Руслан Аитов.
Жоба ӨКП-ның Аққайың аудандық филиалында өтті. Тыңдаушыларға теориялық білімнен бөлек, бизнесті ашу бойынша идеялар ұсынылды. Бір ай ішінде бастаулықтар дұрыс әрі тиімді бизнес-жобаларды іске асырып, оларды қорғады.
Астраханка ауылының тұрғыны Қуандық Қасенов курсты аяқтаған соң бұрынғы арманын жүзеге асырып, азық-түлік дүкенін ашты. Дайын бизнес-жоспармен қысқа мерзімде жылдың 6 пайызбен 6 млн теңгеге несие алды.
«Әлеуметтік желі арқылы «Бастау» жобасы туралы білдім, қатысуға шешім қабылдадым. Оқу аяқталған соң бизнес-жоспарды қорғадым да 100 АЕК көлемінде грант алдым, бұл қаражатқа қорғану құралдары алынды: дүкенді күзететін бейнебақылау орнатылды. Несие айналым қаражатын толықтыруға кетті», – деді Қуандық Қасенов.
Кәсіпкер көрсетілген қолдау алғыс білдіруде. Жас кәсіпкерлерге қолдау қажет. Мәселен, Қуандық маркетинг пен нарықты талдауда білімін толықтырып алды.
«Бастау» тыңдаушыларының жоспарлары көп. Түлектердің біразы грантты алып үлгермеді. Биыл оқуға үлгермеген тұрғындар келесі жылға жазылып жатыр. 2020 жылы жоба жалғасады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: