«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үкімет түркістандық шаруаларды қолдады

2021 жылғы 21 Сәуір
- Түркістан облысы
9044 просмотров

"ҚазАгро" Холдингінің "Кең дала" бағдарламасы бойынша түркістандық фермерлердің несиелендіру мәселесі оң шешімін тапты

Жыл сайын республикалық бюджеттен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді одан әрі қаржыландыру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы "Кең дала" бағдарламасына 70 млрд.теңге бөлінетіні белгілі. Қаражатты фермерлер де, қайта өңдеушілер де ала алады.

Өңдеушілер болашақ егін үшін форвардтық мәмілеге ұқсас қарыз қаражатын алуға мүмкіндігі жоқ үлестес компаниялар мен ұсақ тауарлы фермерлерді не көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге тұқыммен, жанармай, тыңайтқышпен осы қаражатпен қамтамасыз ететін.

Бұл өңдеуші кәсіпорындардың ең басты мәселесі - шикізат тапшылығын шешуге бағытталған. Форвардтық мәміле кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру құралдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, қайта өңдеушілер көбінесе фермерлерді қаражаттарымен және  материалдық қорлармен қамтамасыз ететін көктемгі дала жұмыстарының сәтті өткізудің кепілі болып табылатын "зәкірлік ұйымдар" ретінде әрекет етеді.

Алайда, есеп комитетінің нұсқамасы негізінде "ҚазАгро" Холдингі ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізіп, олар қайта өңдеушілерді қаржыландыруды алып тастаған болатын.

2021 жылы 12 наурызда "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бизнес-қоғамдастықпен онлайн-кездесуінде осы мәселені "Қазақ мақта қауымдастығының" төрағасы Юсупов Полат Исмаилұлы көтерген болатын.

Нәтижесінде, ҰКП орталық деңгейде басқарма төрағасы А.И.Мырзахметовтың басшылығымен осы мәселе бойынша Есеп комитетімен және ҚР Үкіметімен бірқатар кеңестер өткізіліп, нәтижесінде аталған қолдауды қайта өңдеушілерге және тиісінше мақта өсіретін ұсақ фермерлерге сақтау туралы шешім қабылданды.

ҚР Премьер-Министрі А. Ұ. Маминнің 2021 жылы 18 наурыздағы хаттамалық тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп, бір апта мерзімде «Кең-дала» бағдарламасының шеңберінде Кредит беру шарттарына ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілердің қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізуді,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының  әкімдіктерімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ерте піскен дақылдарды дамыту үшін жеңілдетілген кредит берудің арнайы бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар, «АНК» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен жобалар пулын қалыптастыру үшін «Кең-дала» бағдарламасының шеңберінде Кредит беру шарттарына тиісті өзгерістердің енгізілуін күтпей, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерден өтінімдерді қабылдауды бастау тапсырылды.

Осыйлайша, есеп комитеті өнім өңдеушілерді "Кең дала" бюджеттік кредиттеу бағдарламасынан алып тастау бөлігінде нұсқаманың тармағын кері қайтарып алды.

Бүгінгі таңда мақта өңдеушілер "Кең дала" бағдарламасы бойынша несие алып, мақта өсіретін ұсақ фермерлерді қаржыландыруда.

«Өз кезегінде, Түркістан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы жоғары тұрған органдарға бизнестің проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстармен жедел шығып, өңірдегі бизнес ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында жұмысты жалғастыратын болады»,- деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер