«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнес» жобасы декреттегі ананың өмірін өзгертті

2021 жылғы 05 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
11260 просмотров

Бұл «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Галина Бейсенованың табысқа жеткен жолы. Келіншек кәсіпті шығармашылыққа жақын көптеген қыздар сияқты, ұзаққа созылған декреттік демалыстан бастаған. Ал бүгін ол стильді киім тігуден «Galina Beisenova» атты брендтің негізін қалаушы, табысты кәсіпкер.  

Табысты кәсіп жолы  Галина өзінің декреттік күндерін қызықты өткізгісі келгендіктен басталды. Бұл идея оны «пішу және тігу» курстарына алып келді.

«Менің Таир, Луина және Амалия атты үш балам бар. Декреттік демалысқа 2015 жылы қызым Луина туғанға дейін шықтым. Бұған дейін банктегі бөлшек сауда бөлімінің бастығы болып жұмыс істедім. Менің «Банк ісі» мамандығы бойынша жоғары экономикалық білімім бар. 2017 жылы мен аяғым ауырлап, жұмысқа шықпай тағы декреттік демалысты рәсімдедім. Екінші бала үниеге келісімен тігіншілікті бастадым. Мен қыздарымды өзім тіккен әдемі көйлектерге киіндіргім келді», – дейді кәсіпкер әйел.

Бастапқыда Галина қыздарына ғана киім тікті, тігу курсында біліктілігін арттырды. Кейін стильді киімге тапсырыстар туыстар, таныстардан түсе бастады, ақпарат жан-жаққа тарап, клиенттік база қалыптасты. Клиент артқан сайын ассортимент те түрленді.

Галина өндірісті ұлғайту, тапсырыс көлемі арттыру, киім үлгілерінің сапасы жақсартуды жоспарлаудың уақыты келгенін түсінді. Ол үшін кәсіпкерге өнеркәсіптік мамандандырылған техниканы сатып алып, пішу және тігу бойынша көмекшілерді табу қажет болды, бұл сәйкесінше үлкен инвестициялар талап етеді.

 Галина СҚО Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы туралы біліп, оны аяқтағаннан кейін өзінің бизнес идеясын іске асыру үшін грант  ұтып алу мүмкіндігін қолданғысы келіп, ойланбастан оқыту курстарына жолдама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына келді.

 «Бұл өте қызықты әрі танымды курсы болды. Онда бизнесті жүргізуде қажетті дағдыларды үйрендім. Бухгалтерия жүргізу, клиенттермен жұмыс істеу, тәуекелдерді басқаруды үйрендім. қызықты онлайн-конференциялар болды. Оқу аяқталған соң емтихан тестін тапсырдым, арнайы комиссияға бизнес-жоспар әзірледім. Нәтижесінде 583400 теңге грант ұттым!» – деді жеке кәсіпкер Галина Бейсенова.

Осы қаражатқа кәсіпкер өнеркәсіптік кестелеу, ширатқыш машина және бу үтігін сатып алды. Жаңа техника қолөнершінің жұмысын едәуір жеңілдетіп, оған қысқа мерзімде сапалы киім тігуге мүмкіндік берді. Енді «Galina Beisenova» брендімен трикотаж футболкалар мен спорттық костюмдерді ғана емес, сонымен қатар худи, свитшоттар, трико, шорты, майкалар, топ, көйлектер мен юбкаларды сатып алуға болады. Сондай-ақ, көйлектер, жібек көйлектер, юбкалар және зығыр матадан топтамалар тігілді. Кәсіпкер әйелдің айтуынша, негізінен барлық киімдер тапсырыс бойынша және жеке стандарттар бойынша тігіледі, сондықтан жай ғана сатылымда футболкалардан басқа ештеңе таба алмайсыз.

Әзірге Галина Бейсенованың шеберханасы үй бөлмелерінің бірінде тұр, бірақ жоспарда үй-жайды толыққанды шеберханаға жалға алу туралы ойлар бар.

 «Ұзаққа созылған декреттік демалысты табысты бизнес-жобаға айналдыруға болатыныны бір мысалы. «Бастау Бизнес» осы мақсаттарды жүзеге асыруға тек декретте бизнеспен айналысуға шешім қабылдаған аналарға ғана емес, сондай-ақ көп балалы аналар, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға да көмектесіп жатқанына қуаныштымыз. Осы жылы жоба бойынша облыста 922 адам оқытудан өтті, оның ішінде 169 түлек грантқа ие болды, ал 165-і өз ісін ашуға жеңілдікпен несие алды», – деп түйіндеді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер