«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әр ауыл бизнес әлеуетіне сәйкес мамандандырылады – «Атамекен» кәсіпкерлікке оқытудың техникалық картасын әзірлейді

2021 жылғы 26 Қазан
1375 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің тапсырмасымен өңірлерде скрининг жасады. Енді соған сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылдың аяғына дейін әдістеме әзірлейді. Яғни, әр ауыл, әр аудан өзінің бизнес әлеуетіне сәйкес мамандандырылып, «Бастау Бизнес» бағдарламасы да сол тұрғыдан оқытады.

Мемлекеттік басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық жобалар қабылданды. Келер жылдың басынан бастап осы ұлттық жобалар қолданылады.  Сондай-ақ, Ұлттық палата Үкіметтің тапсырмасымен біз 2019 жылы өңірлерде бизнес әлеуетке байланысты скрининг жасап, министрлік жылдың аяғына дейін соған сәйкес әдістеме әзірлейді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында палатының жоспарын баяндады.

«Яғни, әр ауыл, әр аудан өзінің бизнес әлеуетіне сәйкес мамандандырылады. Қай ауданда қандай дәнді-дақыл өсіруге немесе қандай бизнестің түрін жүргізуге болады? Осы жұмыс қолға алынған болатын. Әр ауданға мастер жоспарлар дайын болғаннан кейін соған сәйкес сондағы жұмыссыз халықты тиісті техникалық карталармен қамту қолға алынады, яғни нақты мамандандырылған техникалық карталар дайындалады. Соған байланысты «Бастау» бағдарламасы сол тұрғыдан оқытады», – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында.

Ұлттық палата басшысы бұл жұмысты іске асыру үшін аудан әкімдері мен ауыл әкімдері белсенді атсалысуы керегін атап өтті.

«Атамекеннің» құзырлы органдармен бірлесіп, «Еңбек» бағдарламасының аясында атқаратын тағы бір жұмысы – шағын оқыту орталықтары. Осы реестрді «Атамекен» жүргізеді. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, шағын оқытуға кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары.

«Мыңға жуық орталық ашылды. 2017 жылдан бастап өз ішінде кәсіпорын ашу саны 4 есе өсті. Бұл өте тиімді, қысқамерзімде оқытады. Сондықтан жоспар бойынша 15 мың адам болса, артығымен 16,5 мың адам оқыды.  66 пайызы жұмысқа орналасты. Жыл аяғына дейін әлі уақыт бар. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 80 пайызға жеткіземіз», – деп толықтырды басқарма төрағасы.

Абылай Мырзахметов кәсіпкерлердің қазіргі айтып отырған өзекті мәселесіне тоқталды. Ол проблема қызмет көрсету саласында, оның ішінде кәсіпкерлер асханада бірден жұмыс жүргізу мәселесін көтерген. Оны министрлік қолдап, шағын оқыту орталығының жұмысына қатысты осындай өзгеріс енгізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Абылай Мырзахметов биыл «Бастау Бизнес» жобасын аяқтаған 15 мыңнан аса азамат кәсіп ашқанын айтқан болатын.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер