«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Конституцияда не өзгеруі мүмкін?

2022 жылғы 31 Мамыр
- Шымкент қаласы
11662 просмотров

Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев «Hyper House» сауда үйінің жалға алушыларымен әңгімелесті.
Белгілі болғандай, сауда саласы – мұнай-газ секторынан кейінгі елдегі экономиканың ірі саласы, ал Шымкентте ол қала экономикасының ЖІӨ құрылымында екінші орын алады. «Hyper House» сауда үйінде 200-ге жуық бутик, кафе, техника, аксессуарлар дүкені, Кинопарк, дәріхана және т. б. жалға алушылар жұмыс істейді.
Нұрлан Қабыштаев атап өткендей, Конституцияға өзгерістер түбегейлі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Өзгерістер оның үштен біріне қатысты болады, 33 бапқа 56 түзету енгізу ұсынылады.
Палата директоры Конституцияға енгізу ұсынылып отырған ең үлкен және маңызды түзетулерге тоқталып, олардың жаңа әділетті Қазақстанды құру үшін, ел өмірі үшін қандай маңызға ие болатынын, бұл түзетулер біздің әрқайсымыз үшін нені білдіретінін түсіндірді.


«Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейіп, азаматтардың қатысуы кеңейіп, құқық қорғау саласы нығайып келеді. Реформалар атқарушы органдар басшыларының өкілді билік пен халықпен байланысын күшейтеді. Оған әркімнің белсенді қатысуы маңызды, өйткені олардың шешіміне елдің қалай дамитыны байланысты болады», - деп атап өтті Нұрлан Қабыштаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер