«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық экспорттаушыларға шетелдік серіктес табуда көмек көрсетіледі

2023 жылғы 05 Маусым
- Абай облысы
5708 просмотров

 Экспорт акселерациясы бойынша тегін бағдарлама кәсіпкерлерге сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары.

Экспорт  акселерациясы  –  шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне арналған тәжірибеге бағдарланған бағдарлама. Бұл бағдарлама барлық ниет білдірушіге тауарларды сыртқы нарықтарға шығаруға дайындалуға көмектеседі және компанияға сыртқы нарықтарға шығуда толық сүйемелдеу көрсетуді көздейді.

 Экспорт  акселерациясы  бағдарламасын «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жүзеге асырып жатыр. «QazTrade» қызметкерлері бағдарлама аясында:

  1.  экспортқа тиімді бағыт таңдау;
  2. тауарды импорттаушы елдің стандарттарын алуға дайындау;
  3. әлеуетті сатып алушыны табу;
  4. оңтайлы тарату арналарын анықтау;
  5.  келісімшарт мазмұнын әзірлеу;
  6.  оңтайлы логистикалық маршрутты анықтау;
  7.  көзделген нарықтарға шығу бойынша халықаралық сарапшылардан кеңес алу;
  8.  көзделген нарықтарға шығудың жол картасын пысықтау;
  9.  халықаралық нарықтарда өнімді ілгерілетудің жылдам және тиімді құралына қол жеткізу;
  10. кемшіліктерді жою және халықаралық нарықтарға шығу бойынша одан әрі қадамдар бойынша нақты ұсыныстар алуға көмектеседі.

Бағдарлама көп факторлы сараптамалық бағалау, күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін кәсіпорынды кезең-кезеңімен диагностикалау, сыртқы нарықтар, шетелдік бизнес миссиялар және көрмелерге шығудың жеке стратегиясын әзірлеуді қамтиды.

 «Бағдарлама бизнестің сыртқы экономикалық қызметті жүргізудегі біліктілігін жетілдірудің тамаша мүмкіндігі Бағдарлама кәсіпкерлерге сыртқы сауда келісімшарттарын жасау, өңірлік халықаралық ерекшеліктерді түсіну, экспортқа бағдарланған тауар өндіру, экспортқа жоспарланған өнімді ілгерілету, әкетілетін өнімнәі құжаттамасын ресімдеуге көмектеседі», – деді Абай облысы кәсіпкерлер палатасы  төрағасының м.а. Саят Бокишев.

 Бағдарламаға әлеуетті экспорттаушылар, шикізаттық емес өнімдерді өндірушілер, экспортта тәжірибесі жоқ, көптеген кедергіге тап болған компаниялар қатыса алады. Бағдарламаға кәсіпкерлер тегін қатыса алады. Ол үшін export.gov.kz сайтына тіркеліп, өтінім қалдыру қажет.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер