«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адами капиталды дамыту – ҰКП-ның басым бағыты

2024 жылғы 27 Маусым
1557 просмотров

Дереккөз: Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit

4 мемлекеттен келген 33 өтінімнің ішінен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруда трансшекаралық білім мен тәжірибе алмасуға арналған. Дуальды оқытуды енгізу, тәлімгерлік жүйесін және адами капиталды дамытуға бизнес-қауымдастықты тарту тәжірибе алмасудың негізгі мәселесі болды.

 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екінші жыл бойы «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру (PEGA 5)» жобасының трансшекаралық білім беру серіктестік схемаларының GIZ (Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit) халықаралық ұйымының Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері бойынша конкурсына қатысуда.

Жоба экономиканың өсіп келе жатқан секторларын сұранысқа ие білікті мамандармен және менеджерлермен қамтамасыз ету үшін Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі реформаларды ілгерілетуге бағытталған.

Қазақстан мен Тәжікстан палаталары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соғды және Хатлон облыстарының сауда-өнеркәсіп палаталары Астана қалалық, Павлодар және Ақмола облыстарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен меморандум жасасты.

Тараптардың өзара жұмыс жүйесін ұйымдастыру ҰКП-ӨКП, Білім министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Адам ресурстары орталығының, колледждер мен университеттер, дуальды оқытудың белсенді қатысушыларының қызметімен танысу барысында орын алды. Трансшекаралық білім мен тәжірибе алмасу барысында негізгі жұмыс беруші ретінде бизнес-қоғамдастықтың міндеттері нақты белгіленген кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың ұлттық стратегиясы бойынша ұсыныстар әзірленді.

Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесе жұмыс істеуге деген ниеті көп нәрсені аңғартса керек. Яғни, бұл «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының – бизнес-қоғамдастықтың  Қазақстандағы кәсіптік білім беру сапасы дамытуға орасан үлес қосуына,  сонымен қатар, GZT халықаралық ұйымының жұмыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыру үшін кадрларды даярлау мәселелерінде ауқымды жұмыс атқарғанының көрсеткіші.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер