«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Саумалкөлден Астанаға қатынау 5 сағат

2018 жылғы 11 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
9470 просмотров

«Астана – Көкшетау – Володарское» бағытындағы электр пойызының қосылуымен Айыртау тұрғындары Саумалкөлден Астанаға 5 сағат 35 минутта жетеді.

Өткен аптада Айыртау ауданы «Володарское» бекетінің перроны халыққа лық толды. Мұнда Саумалкөл ауылының тұрғындары ғана емес, ауданның қонақтары да жүрдек пойызды қарсы алуға келді.

Электр пойызы жайлылықтың 3-класындағы 6 вагоннан тұрады. 376 адам орналаса алады. жайлы, экологиялық таза әрі қауіпсіз.

«Электр пойызы қалааралық хабар алмасудың халықаралық стандартына сай. Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін желдету жүйесі, жылыту, суыту қосылған, бейнебақылау да бар. Ең бастысы, бұл жүрдек пойыз аптасына екі рет қатынайды. Мұндай пойызды көптен күткен едік», ­- дейді Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалының басшысы Данияр Қалымов.

Астана – Көкшетау – Володарское» бағытындағы электр пойызы жұма және жексенбі күндері қатынайды. «Володарское» бекетіне сағат 13-35-те келеді, 16-00-де қайтады.


Ұқсас жаңалықтар:

Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері өзгерді
25 Қаңтар
2019
Солтүстік Қазақстан облысы
Бизнес-орта сауалнамадан тиімді нәтиже күтеді
18 Қаңтар
2019
Солтүстік Қазақстан облысы
Жас өнертапқыштар марапатталды
24 Желтоқсан
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер